RU

Алматыда Disneyland салынуы мүмкін

Алматының Мұз алаңынан шығысқа қарайғы жерінде қазақстандық Disneyland бой көтеруі мүмкін деп хабарлайды NUR.KZ порталы Алматы арнасына сілтеме жасап.

Алматының Бостандық және Медеу ауданының басшысы өткен жылда атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Бостандық ауданына мемлекеттік және жеке серіктестік бағдарламасы шеңберінде 120 миллион теңге бөлінді. Бұл қаражат балалар бақшасын, спорт алаңдарын және өзге де нысандарды абаттандыруға жұмсалады.

Жергілікті әкім Бекқали Торғаев қала бюджетінің 21%-ы осы өңірден келіп түсетінін алға тартты. Торғаев базарларды жайғастыру жұмыстары бойынша "Алмагүл" базары сүріліп тасталғанын мәлімдеді.

"Бұл аймаққа сауда орталығын және автопаркинг салу жоспарланып отыр. «Қарқара» сауда нысанын жаңарту жобасы құрылды. Құрылыс 1,5 жылда аяқталуы тиіс. Бұл жоба іске асса 3 мың жаңа жұмыс орны ашылады. Құрылысқа отандық өнімдер тартылады», – дейді Торғаев.

Тұрғындардың бірі "шұңқырларды тазалау үшін "Алматы аулалары" бағдарламасы осы жылда ұйымдастырыла ма" деген сұрақ қойды.

«Біздің ауданда 37 мың 200 шаршы метрді алатын 645 аула асфальты жөнделуі тиіс. Ең бірінші кезекте қай ауланы жөндеу керектігін анықтайтын тізім де жасалды. Көктемде жұмыс басталады, жөнделетін аулалар тізімін ПИК-тен біле аласыз", - деді Бостандық ауданының әкімі.

Ал Медеу адуанына жыл басынан бері 9 мың адам көшіп келген. Тұрғындар көбейген сайын оқушыларға мектеп саны жеткіліксіз дейді өңір әкімі.

«Білім беру және құрылыс басшыларынан 3-4 қабатты мектептер салуын сұрайтын боламыз, осылайша оқушыларға да меткеп саны көбейеді. 5 мың оқушыға мектепте білім алу мүмкіндігін беруіміз керек», – дейді Медеу ауданының әкімі Сұлтанбек Мәкежанов.

Аталмыш ауданда 6 жаңа балабақша салынады деп күтіледі. Жаңа саябақтарды Камен үстірті, Бутаковка, Думан ықшамуданының оңтүстігі мен Құлжа жолының солтүстігіне салу жоспарлануда.

Көктөбе-2 және Көктөбе-3 гондол жолын және Көлсай ықшамауданының 500 гектар таулы аймақтарында отбасылық туристік кешенді салу қарастырылуда. Ал Мұз алаңынан шығысқа қарайғы жерінде қазақстандық Disneyland салынуы мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036511-almatyda-disneyland-salynuy-mumkin.html