RU

Өзбекстандық темекі тұқылын жерге тастағаны үшін Қазақстаннан қуылды

Өзбекстан азаматы темекі тұқылын тастағаны үшін Қазақстан аумағынан шығарылды деп хабарлайды Ақжайық басылымы.

Қалалық сот Өзбекстан азаматы К.Кодировты Қазақстан аумағынан шығару жөніндегі азаматтық істі қарады.

Ол Сырым Датов көшесінің бойындағы «Овощи-Фрукты» дүкенінің маңында белгіленбеген жерге темекі тұқылын тастап, ҚР ӘҚтК-те ұсақ бұзақылық деп жазылған іс-әрекет жасаған.

«Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы» Қазақстан заңының 28-бабына сәйкес, егер ол біздің заңнамамызды бұзса елден шығарылуы мүмкін. Сондықтан сот осындай шешім қабылданды", - дейді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай Ғалиев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036525-ozbekstandyq-temeki-tuqyly-zherge-tas.html