RU

Қазақстанда әрбір әскери қызметкер полиграф аппаратымен тексерілмек

Биылғы жылы алғаш рет қорғаныс істері жөніндегі аумақтық органдардың әскери қызметшілері, шақыруға жауаптылар полиграф аппаратында тексерілетін болады.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары хабарлайды.

Ведомствоның мәліметінше, ол үшін арнайы кесте құрылады. Қазақстанның бірде-бір өңірі назардан тыс қалмайды.

"Бұл құқыққа қарсы іс-әрекеттің жүзеге аспауын алдын алады, сондай-ақ осы тұрғыда жасалған қылмысты әшкерелеуге септігін тигізеді", - деп түсіндіреді ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036630-qazaqstanda-askeri-qyzmetshiler-poli.html