RU

Францияда тамақты әдейі бүлдіріп, ысырап етушілерге қатаң жаза тағайындалды

Франция сенаты жаңа заңды бір ауыздан қабылдап, бірден күшіне енгізді. Құжатқа сәйкес, бүгіннен бастап, супермаркеттердегі жарамдылық мерзімі таусылған тамақты қоқысқа тастауға тыйым салынды, деп хабарлайды iTele арнасына сілтеме жасап 24.kz.

Пайдалану мерзімі тәмамдалып қалған азық-түлік өнімдері қайырымдылық ұйымдары арқылы тамаққа мұқтаж жандарға үлестірілетін болады. Ал тамақты қасақана бүлдіріп, ысырап қылған сауда нүктелері жазаға тартылады.

Себебі олар осы кезге дейін дүкен қоймаларын төңіректеген «үй-күйсіздер мен жұмыссыздарға бұйырмасын» деп, онсыз да пайдалану мерзімі таусылған тамақты әдейі бүлдіріп отырған.

Бұл заңның қабылдануына қол жеткізген белсенділер қауымы үнемшілдікке бастайтын осы шараның Еуроодақ көлемінде қолдау табатынына үміт артады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036658-franciyada-tamaqty-ysyrap-etetindirg.html