RU

Пойызда ұйықтап кеткен Павлодар тұрғыны жарты млн теңгесінен айырылып қалды

Павлодарда жолаушылар пойызында ұрлық жасап, жарты миллион теңгеден аса қаржыны қолды еткен азамат ұсталды, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл туралы Павлодар станциясындағы желілік ішкі істер бөлімінің полиция майоры Қанат Юсупов мәлім етті.

"Ағымдағы жылы 23 қаңтар күні таңғы 5.00 шамасында «Преснегорьковская-Павлодар» бағытындағы №340 жолаушылар поездының №1 вагонында белгісіз біреу әйел адамның сөмкесін ұрлап кеткен. Араға төрт күн салып, дәл осы поездың №16 вагонында тағы бір жолаушы 520 мың теңгесінің жоғалғанын байқаған. Аталмыш екі факті бойынша ҚР ҚК-нің 188 бабы, бірінші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды" , - деді Қанат  Юсупов.

Шара барысында желілік ішкі істер бөлімінің полиция қызметі бұрында бірнеше рет сотталған және еш жерде жұмыс істемеген 32 жастағы ер азаматты ұстады.

Ол өз кінәсін мойындап, ұрланған мүлік иелеріне қайтарылды. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың басқа қылмыстарға қатысының бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036836-poyyzda-uyyqtap-ketken-pavlodar-turgh.html