RU

Астанада ұшты-күйлі жоғалып кеткен медицина университетінің студенті іздестіріліп жатыр

Әлеуметтік желілерде 23 жастағы медицина университетінің алтыншы курс студенті Ерасыл Әубәкіровке іздеу жарияланды. Жас жігіт үйінен "тірлігім бар" деп шығып кетіп, қайта оралмаған.

Ұшты-күйлі жоғалған жігіт туралы хабарламаны студенттің досы Диас өзінің Facebook парақшасында жариялаған.

"3 ақпан күні кешкі сағат 18.00 шамасында Ерасыл "тірлігім бар" (жұмысына емес, қызына емес, достарына емес) деп үйден шығып кеткен (Сарыарқа-Сейфуллин көшелерінің қиылысы). Бәрін тексердік. Шамамен солтүстік жағалауға бет алған. Үйіне қайта оралмаған. Телефоны сөндірулі. Бүгін, 4 ақпан күні сабаққа келген жоқ, емтиханға қатыспады. Әйткенмен, ол емтиханға дайындалып жүрген", - деп жазған автор хабарламасында.

Диас Ерасылдың қысқы қою көк түсті күртеше мен қара түсті құлақшын киіп кеткенін атап өтті. Оның сиппатауынша, жоғалған досының дене бітімі шымыр, бойы шамамен, - 175-180 сантиметр, салмағы - 70-75 келі.

"Ерасыл - интерн-хирург. Оқу озаты! Әнші! Белсенді студент! Біреуге өнегелі ұл! Біріне аға! Біріне жақын дос! Кез-келген ортада көңілді жүретін жігіт! Жауапкершілігі мол! Қарапайым! Тәрбиелі! Темекі тартпайды! Ішімдік ішпейді! Ешқандай діни ағымға кірмеген! Ол қарапайым, жаны жайсаң жігіт! Жоғалып кетті! Бір дерек білсеіңіздер, хабарласыңыздаршы! Өтініп сұраймыз!", - деп жазды Диас.

Ерасыл Әубәкіровтың әкесінің телефоны: 8(747) 024 81 29, Диастың телефоны: 8(707) 143 94 25.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036856-astanada-ushty-kuyli-zhoghalyp-ketken.html