RU

Айқын жанкүйерлеріне әйелі туралы беймәлім сырды ақтарды

Айқын Төлепберген Алматыдағы медица университетінің студенттерімен кездесу өткізіп, ашық-жарқын әңгіме құрды. Жиналғандардың дені қыздардан құралғандықтан, сұрақ қоюшыларды әртістің жеке өмірі көбірек қызықтырды, деп жазады baistars.kz.

Айқын алғашқы махаббаты жайлы сұраққа асықпай жауап берді. Тыңдарманымен шыншыл болуға тырысқан әнші әйеліне қатысты беймәлім сырды ақтарып салды.

"Алғашқы махаббатым – қазіргі жарым. Оны 18 жасымда жолықтырдым. Мен үшінші курста, ол бірінші курста оқитын", - деді Айқын.

 

Әнші жас аруға неге көңілі ауғанын еш қымсынбастан баяндап берді.

"Бір күні акт залында фортепианомен ән айтып отырсам, қыздардың барлығы жүгіріп келіп, қолқа сала бастады. Арасында бір қыз маған мүлде назар аудармай отыр екен. Ол қыз қазіргі жарым еді. Екеуіміз сол жерде таныстық", - дейді Айқын.

Әнші бір көргеннен ұнатқан ғашығымен 10 жыл жүріп, аяғына нық тұрған соң, шаңырақ көтерген.

Сондай-ақ, Айқын әйеліне қатысты тағы бір сырдың тиегін тарқатты.

"Жан жарым менің жақында шығатын “Каждый день” атты жаңа бейнебаяныма түсті", - деп жаңалығымен бөлісті Айқын.

Бұған қоса, эстрада жұлдызы жуырда екінші рет әке атануға дайындалып жүргенін айтып, дүниеге қыз келетінін мәлімдеді. Айқынның бұдан бөлек, Аңсар атты ұлы бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1036911-ayqyn-zhankuyerlerine-ayeli-turaly.html