RU

Әлемге қауіп төндірген Зика вирусы қан құйғанда жұғуы мүмкін

Бразилия елінің дәрігерлері Зика вирусынан қайтыс болған екі науқастың аталмыш вирусты қан құю арқылы жұқтырғанын анықтады деп хабарлайды 7sunews.kz.

Былтыр, 2015 жылдың басында Сан Паулу штатындағы Кампинас қаласында оқиға орын алған болатын. Алайда ол туралы енді ғана жарияланып отыр. Қайтыс болған науқастардың біріне қан құйылған, ал екіншісі ауруды бауыр ауыстыру арқылы жұқтырған.

Ал донорлар вирусты шыбын-шіркей арқылы ма, әлде жыныстық қатынас арқылы жұқтырды ма, ол әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037084-zika-virusy-qan-quyghanda-zhughyuy-mumki.html