RU

Ағылшын ғалымдары адамдардың дені жұмыста өзін бақытсыз сезінетінін анықтады

Суссекс университеті және Лондон экономика мектебінің ғалымдары мобильді қосымшаның көмегімен миллионнан астам адам арасында сауалнама жүргізіп, олардың дені жұмыста өзін бақытсыз сезінетінін анықтады деп хабарлайды 7sunews.kz.

Қосымшаны пайдаланушылардан тап қазіргі уақыттағы көңіл-күйі, қай жерде жүргені және не істеп отырғаны сұралды. Еріктілер тәуліктің әр мезгілінде сұраққа жауап беріп отырды. Кейбіреуі бұл қосымшаны 2010 жылдан бері қолданып келеді. Белгілі болғаны, сауалнамаға қатысушылардың бақыттты сәттері жұмыста отырғанда 7-8 пайызға төмендейді екен.

Мамандардың айтуынша, ұялы телефондағы қосымшаның ерекшелігі сол, ол аңдаусызда «тап беріп», «үстінен түсіп» сұрақ қояды. Мысалы, көбісі өзінің жұмысының сүйікті екенін айтып келді.

Ал шын мәнісінде адамдар жұмыстан тыс уақытта ғана өзін толық бақытты сезінеді. Еріктілердің ең сүйікті ісі жыныстық қатынас болып шықты деп жазады Zee News. Одан кейін — театрға бару, музей және спортпен айналысу. Ал әбден мезі қылған істері – кезекте тұру екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037102-aghylshyn-ghalymdary-adamdardynh-deni-zhu.html