RU

Зерттеушілер: Қоқсып жатқан үйде адамдардың зиянды тамаққа әуестігі арта түседі

Лас үйде тұрып жатқан адам қандай әрекеттерге бейім? Мамандардың айтуынша, лас үйде тұрып жатқан адамның ас жеуінде де талғамсыздық байқалады деп хабарлады 7sunews.kz сайты Eurek Alert-ке сілтеме жасап.

Тіпті үйдің ластығы зиянды тағамды екі есе көп жеуге «себін тизізеді» екен. Бұны арнайы жасалған ерекше тәжірибе дәлелдеп берді. Әйел адамдардың бір тобын жуылмаған кір ыдыс-аяққа толы лас ас үйде отыра тұруын өтінді. Ал екінші топ мұнтаздай таза ас үйде болды.

Барлығының алдына тәтті печенье, крекер және сәбіз ұсынылды. Нәтижесінде қоқсып жатқан ас үйде отырған әйел тәтті тағамды екі есе көп жеп тауысып қойса, таза бөлмеде отырған әйелдер ұсынылғаннан тек ауыз тиген. Шашылып жатқан бөлмедегі әйелдер 10 минут ішінде 65 калорияға артық ас жеген.

Ғалымдар әйелдердің табиғатын егжей-тегжейлі зерттей келе, тәжірибе жасардан бұрын олардың өмірінен есте қалған жәйттерді сұраған. Белгілі болғаны, кейбіреуі болып жатқан оқиғаны толық бақылай алатынын айтса, ал екіншісі өзін-өзі кейбір сәттерде ұстай алмайтындығын жасырмады.

Нәтижесінде ғалымдар адамның іс-әрекеті айналасында шашылып жатқан дүниемен қоса, өзін-өзі ұстау, бақылай алуымен де байланысты екенін анықтады. Бір сөзбен айтқанда, ұстамды адам тамағын да талғап жейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037114-zertteushiler-qoqsyp-zhatqan-uyde-adam.html