RU

Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында қар жауады

Демалыс күндері Қазақстанның басым аумағында қар жауып, жел күшейеді деп болжануда.

6-8 ақпанда Қазақстанның басым аумағында қар жауып, жел күшейеді деп хабарлайды Қазгидромет.

"Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік шығысынан басқа аудандарда жел тұрып, бұрқасын болады. Күндізгі жылы температураға қарамастан, желдің бағыты 15-25 м/с жетеді", - делінген хабарламада.

Бұл ретте синоптиктердің ақпарынша, дүйсенбі күні - тропосфералық ағындар оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай ауысып, Кольск түбегі ауданынан суық ауа Қазақстанның солтүстік жартысына жайыла бастайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037227-demalys-kunderi-qazaqstannynh-basym.html