RU

Ақтөбенің екі тұрғыны студенттерді қорқытып, бопсалап келген

Ақтөбеде М.Оспанов атындағы медициналық университеттің студенттерін қорқытып, олардың мүлкін тартып алған екі жігіт сотталды.

Бұл туралы Керек-инфо хабарлайды.

Айыптау актісіне сәйкес, өткен жылы Сәтпаев көшесі бойындағы пәтерді жалдап жүрген студенттерге екі жігіт басып кіреді.

“Біз осы ауданды қарап жүрген “бақылаушылармыз”. Егер оқуларыңа тыныш барғыларың келсе, төлеңдер” деп студенттерден ақша бопсалайды.

Қысым көрген студенттер қорыққаннан ноутбук пен HTC маркалы телефонды беріп қояды. Ертеңіне олар полиция бөлімшесінде әлгі “бақылаушылардың” үстінен арыз түсіреді.

Екі сотталушы да кінәсін толық мойындады. Соттан кешірім сұрады. Студенттерге келтірген шығынның бәрін өтеп шыққан. Сондықтан шағымданушылар бұзақылық жасағандарға кешірім беріп, соттан қатал жаза бермеуін өтінді.

Алайда бұзақылардың бірі бұған дейін істі болған. Сондықтан кешірім берілмеді. Ол үш жарым жылға бас бостандығынан айрылады. Ал екіншісі бұрын сотталмауына байланысты, оның бас бостандығы 5 жылға шектеледі.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037250-aqtobeninh-eki-turghyny-studentterdi-q.html