RU

Аяғынан айрылған талдықорғандық қыз Қорғаныс министрлігін сотта ұтып шықты

ҚР Қорғаныс министрлігі бетонды қоршаудың құлауынан зардап шеккен талдықорғандық қызға ай сайын 10 ӘЕК көлемінде өтемақы төлеп тұратын болды, деп жазады Today.kz ҚР Әскери сотынының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Сонымен бірге моральдық залал үшін зардап шеккен қызға 10 миллион теңге төленеді.

Талдықорған гарнизонындағы әскери сотына арыз жазған оқушы қыз Мадинаның анасы болатын.

Замзагүл Құрманғалиеваның айтуынша, 2014 жылдың 18 қарашасында 15 жасар Мадина Маратқызының үстіне Талдықорғандағы әскери госпитальдің қоршауы құлаған. Бетон қыздың екі аяғын да басып қалған, кейін бір аяқты кестіруге тура келген.

Сот құрылыстық сараптама шешімі плитаның құлауна темір бетонды қоршаудың ұзақ пайдаланудан көнеруі және ауа-райының жағдайы себеп болғанын көрсеткен. Мекеменің Қорғаныс министрлігінің қарауында екені белгілі болды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1037510-ayaghynan-ayrylghan-taldyqorghandyq-qyz.html