RU

Әл-Фараби даңғылымен ағылған қымбат көліктер тұрғындарды таң қалдырды

Желіде Алматыдағы Әл-Фараби даңғылында қатар жүйткіп бара жатқан Chevrolet Camaro, Lamborghini, Audi R8 көліктерінің видеосы пайда болды.

"Мен кездейсоқ суперсәнді қойылымның куәсі болдым. Алматыдағы қыс осылай өтуде", – дейді ролик авторы Instagram-дағы "За тебя, Баке" парақшасында.

Видеоға пікір қалдырушылардың бірі "біздің ел, тіпті дағдарыстың өзін есеңгіретеді" десе, енді бірі мұның "Алматыдағы қарапайым ғана қыс мезгілінің көрінісі екенін" алға тартты.

Желі пайдаланушылары 5-10 жылдан кейін Алматыда бұдан өткен көріністер тамашаласа, таң қалмайтындарын жарыса жазуда.

Видео 5 мыңға жуық лайк жинап үлгерген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038254-al-farabi-danhghylymen-aghylghan-qymbat-k.html