RU

Амир Хан: Головкиннен қорықпаймын!

Британдық боксшы Амир Хан болашақта қазақстандық Геннадий Головкинмен жекпе-жекке шығу туралы ойымен бөлісті.

«Егер Альвареспен кездесуде жеңіске жетсең, Головкинга қарсы титулыңды қорғайсың ба, әлде салмақ азайтасың ба?», - деген сұраққа ол:

«Оның барлығы жекпе-жектің қалай шешілетініне байланысты. Мен осындай жеңіске жеткен соң титулдан бірден бас тартпаймын. Канелло мен сияқты боксшылармен жұдырықтасып көрмеген. Мен кез-келгенімен жекпе-жекке дайынмын. Мен ешкімнен де қорықпаймын», - деп жауап берді ол.

Бұл туралы RingTv-ге сілтеме жасап Головкиннің ВКонтакте желісіндегі ресми парақшасында хабарлады.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038369-amir-khan-golovkinnen-qoryqpaymyn.html