RU

Тайваньда 6 айлық сәби 30 сағат бойы қиранды астында жатқан (фото)

Тайваньда 30 сағат бойы үйінділер астында жатқан 6 айлық сәби құтқарылды. Нәресте 17 қабатты ғимараттың қирандыларын аршу кезінде табылыпты деп хабарлайды 24 арна.

Қазір ол ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер қыз баланың өміріне қауіп төніп тұрған жоқ дейді.

Айта кеткен жөн, 6 ақпанға қараған түні аралда 4 балдық зілзала болған еді. Соңғы мәлімет бойынша табиғи апаттан 35 адам ажал құшқан. Жараланғандардың саны жарты мыңнан асады. Тағы 110 тұрғын із-түзсіз жоғалып кеткен. Жер сілкінісінен әсіресе Тайнань қаласы қатты зардап шегіпті. Мұнда орталық аудандарда бірнеше көпқабатты ғимарат қираған.

"Іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бізге көмектесуге Тайванның түрлі аудандарынан әскери қызметкерлер, құтқарушылар мен еріктілер келіп жатыр", - дейді Тайнань қаласының мэрі Уильям Лай.

Сонымен қатар, мұнда таяуда болған жер сілкінісінен қирандылар астында қалып, 52 сағат бойы жатқан әйел құтқарылды. Оны тауып алған құтқарушылар: «Бұл Жаңа жылдың алғашқы күніндегі ғажайып оқиға болды», - дейді.

Соңғы ақпаратқа сәйкес, зілдазалан 37 адам қаза тауып, тағы 110 адам хабарсыз кеткен.

Жалпы зілзала кезінде қираған 17 қабатты тұрғын үй кешені 1990 жылдардың ортасында салынған екен. Онда шамамен 250 адам тұрып жатыпты.

Алдын ала мәлімет бойынша ғимаратты тұрғызу кезінде сапасыз материалдар қолданылған. Сондай-ақ құрылыс ережелері де өрескел бұзылған

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038422-tayvanda-6-aylyq-sabi-30-saghat-boyy-qira.html