RU

Есентаева балақайдың әнін қайталай алғандарға $1000 беруге уәде етті

Белгілі продюсер Баян Есентаева Instagram парақшасында оғаш сайыс ұйымдастыруда. Ол балақайдың түсініксіз тілдегі әнін айнытпай сала алатын адамға сыйақы тағайындады.

"Жарыс ұйымдастырамын. Ескі бағаммен 1000 доллар сыйақы. Жаттап, дәл солай, тіпті ырғағын да сақтап, орындап көр", - деп жазған продюсер видеомен бөлісе отырып.

Есентаеваның бұл жарысын қабылдаушыларды кейбірі "өзін мазақ ету" деп қабылдаса, енді бірі бүлдіршіннің өнерін "қайталау мүмкін емес" екенін жазуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038431-esentaeva-balaqaydynh-anin-qaytalay.html