RU

Баян Есентаеваның шәкірттері шымкенттік қыздарға арнап клип түсірді (видео)

Баян Есентаеваның продюсерлігінде өнер көрсететін «Алау» тобы шымкенттік қыздарға арнап бейнебаян түсірді, — деп хабарлайды Baistars.kz.

Бұл туралы продюсер өзінің Instagram желісіндегі жеке парақшасында мәлімдеді.

«Жақында «Гүл әпше» барлық шымкенттік сұлуларға арналады» — деп жазды продюсер.

Айта кетейік, Баян Есентаева төрт жігіттен тұратын «Алау» тобын 2015 жылы 1 желтоқсанда таныстырған болатын. Бұл оның продюсерлік етіп отырған тұңғыш бойз-бенд тобы.

Топ «Welcome to Kazakhstan» атты тұңғыш бейнебаяндарын ұсынып үлгерді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038435-bayan-esentaevanynh-shakirtteri-shymken.html