RU

Назарбаев Қытай халқын Жаңа жыл мерекесімен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады. Мемлекет басшысының құттықтауын ҚХР-да орталық БАҚ таратты деп хабарлайды ҚазТАГ.

«4 ақпан күні Ақордада CITIC Group және басқа да қытайлық компания өкілдерімен кездесу барысында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қытай халқына «Чуньцзе» мерекесімен құттықтауын жолдады. Назарбаев алғаш рет Қазақстандағы қытайлық компания өкілдерімен жеке кездесу өткізіп,  қытай халқын ай күнтізбесі бойынша Жаңа жыл мерекесімен құттықтады», - деп хабарлады БАҚ.

Бұл ретте, Нұрсұлтан Назарбаев екі ел арасындағы ынтымақтастықты дамытуға және ҚР әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқаны үшін қытай кәсіпорнына алғысын білдірді. Сонымен бірге ол Қазақстан үкіметі екі ел арасындағы прагматикалық ынтымақтастықты кеңейту саясатын одан әрі жалғастыра беретінін атап өтті.

Биыл дәстүрлі қытай ай күнтізбесі бойынша - Мешін жылы - 8 ақпан күні тойланады. «Көктем мерекесі» («Чуньцзе») елдің ең басты мейрамы болып саналады. Қытайдағы жаңа жылдағы демалыс аптасы 7 ақпаннан бастап 13 ақпанға дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038452-nazarbaev-qytay-khalqyn-zhanha-zhyl-merek.html