RU

"ЭКСПО-2017" көрмесі өтпей қалады деген ақпар жалған болып шықты

ЭКСПО-2017 көрмесінің өтпей қалуы мүмкін деген дақпырттардың бәрі қисынсыз. "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері осындай ресми мәлімдеме таратты.

Бұл - жуырда ғаламтор беттерінде тараған хатқа жауап болып отыр деп хабарлайды 31 арна.

Хатта халықаралық көрмені ұйымдастыру қызметінде бас кеңесші болған Хуан Корреас 2017 жылғы ЭКСПО өтпеуі мүмкін деген көрінеді. Оның айтуынша, жаңа басшылық келгелі жұмыстар тежеліп қалған. Құрылыс жүріп жатқанымен, көрменің мазмұнына сәйкес емес екен.

Ал "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясының өкілдері бәрі жоспарлы түрде жүріп жатыр деп отыр. Қазіргі таңда 71 мемлекет пен 13 халықаралық ұйым көрмеге қатысуға ниетті екен.

Айта кетерлігі, елді елең еткізген хатты жазушы шетелдік маманның келісімшарты былтыр аяқталыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038533-ekspo-2017-kormesi-otpey-qalady-degen-aqp.html