RU

АҚШ-та лотереядан $63 млн ұтып алған адам табылмай жатыр

АҚШ-тың Калифорния штатында мемлекеттік SuperLottoPlus лотереясынан $63 миллион доллар ұтқан адам әлі табылмай жатыр.

Бұл туралы «Росбалт» дерегіне сүйенген ras.kz хабарлайды.

Бүгінде жеңімпаздың ұтысын алып кетуіне берілген кесімді уақыт аяқталып қойды. Осыған байланысты бұл мерзім тағы бір аптаға созылды.

Ойынды ұйымдастырушылар егер жеңімпаз табылмаса, оның барлық ақшасы жергілікті мектептердің мұқтажын өтеуге аударылатынын айтуда. Билет азық-түлік дүкенінен сатып алынған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038609-aqsh-ta-lotereyadan-63-mln-utyp-alghan-adam.html