RU

ОҚО-да сын-ескертпелерден көз ашпаған әкімнің қызметінен көңілі қалды

2012 жылы Шардараға әкім болып барған Қамытбек Айтөреев басшылық қызметтен шаршады деп жазады Корреспондент басылымы.

Бейресми мәліметтерге сай, үш жылдан бері сын-ескертпелерден көз ашпаған Қамытбек Айтөреев Шардарадан түбегейлі кетуді жөн санап отыр екен.

Ұзынқұлақ Шардараның әкімі «қызметі құрысын деп» екі қолын көтеріп кетуге дайын дегенді айтуда.

Бүгінде әкімнің депутат болғысы келетіні туралы сыбыс тараған. Ол  өзінің туған ауылы Мақтаралда бағын сынап, жерлестерінің қолдауына ие болатынына 100 пайыз сенімді екен.

"Айтөреев мырзаның «планы» мұнымен шектелмейді. Депутат болып қана қоймай, мәслихат хатшылығынан да дәмесі бар. Егер депутат бола алмай қалса Мақтарал әкімдігіндегі лауазымды қызметтен дәмесі бар көрінеді. Бұл енді "план Б", - деп жазады басылым.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038668-oqo-da-syn-eskertpelerden-koz-ashpaghan.html