Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Исабекова Instagram-да өзін жек көретіндерді балағаттады (фото)

Опубликовано:

Әнші Мақпал Исабекованың жазылушылары әртіске не болғанын түсінбей дал. Жақында әнші өз Instagram парақшасында жымиған фотосын жүктеп, астына өзін жек көрушілерді балағаттайтынын ашып айтқан.

"Сіздер үшін бұл тек күннен-күнге өз жан-дүниелеріңді жаманнан, нәжістен тазалайтын парақша ғана. Мені аямастан, ойланбастан жамандап, тіл тигізесіңдер. Сыртқа шығарып, ұмытып кетесіңдер. Ал бұл менің өмірім, менің жаным осында. Мен андай немесе сондай болғандықтан ашулы емессіңдер, сендердің ашуларың өз өмірлеріңе разы болмағандықтан туындап отыр, менің оған түк қатысым жоқ. Мен тірі жанмын, жүрегім бар, жаным бар, оның да ауыратын кездері болады. Алайда сендерге оны көрсеткен емеспін. Тек жақсылықтарыммен бөлісуге тырысамын. Алайда сендер мұны түсінбейтіндей бишара екенсіңдер, мен де өзімнен тәрбиелі және сабырлы адамның жауапкершілігін алып тастаймын. Мені жек көрушілер, ...... кетіңдерші", - деп жазған Исабекова өз парақшасында.

Еске сала кетейік, Мақпал Исабекованың ашық-шашық түскен суреттері желі қолданушылары арасында қызу талқыланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1038671-maqpal-isabekova-instagram-da-ozin-zhek-koreti/

pixel