RU

Қазақ ақындарына риза болған өзбек ұлтының өкілдері айтыскерлерге шапан жапты (фото)

Шымкент қаласында орналасқан Сайрам ауылының халқы көпшілікті таң қалдырды. Олар қазақтың талантты айтыскер ақын ұлдарының өнеріне тәнті болғаны соншалық ризашылық ретінде шапан жапты.

Бұл туралы Корреспондент басылымы жазады.

Нақтырақ айтқанда, Сайрамда Оңтүстіктің белгілі айтыскер ақыны Біржан Байтуов пен Нұрлан Есенқұлдың айтысы өткен болатын. Оған жиналған жамағат ерекше әсер алды. Қос ақын елдікті, ұлтаралық татулықты айтып, көрермендерді тамсантты.

Сайрам тұрғындары талант иелерінің сөздеріне риза болып, құрмет көрсетті. Иықтарына ала шапан жауып, ақсақалдары ақ баталарын берді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038673-qazaq-aqyndaryna-riza-bolghan-ozbek-ul.html