RU

Ортаға шығып би билеген томпақ желіде жұлдыз болды

Ортаға шығып, көңілді би билеген толықтау келген ер азамат көпшіліктің назарына ілікті.

Шығыс әні Habibi-ге билеген томпақ ер кісінің видеосы YouTube желісіне жүктеліп, талайдың көңілін көтерген.

Видеода кеш жүргізушісі өнерін ортаға салған азаматқа қол шапалақтауды ұмытпау керектігін еске салуда. Ал өзге екі бойжеткен ер кісімен қосыла билеп, көпшіліктің сүйіспеншілігіне бөленуде.

Бұл жағдай қай жерде және қашан болғаны әзірге белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038693-ortagha-shyghyp-bi-bilegen-tompaq-er-kisi.html