RU

"Аяқты тұяққа айналдыратын" етік көпшіліктің жағасын ұстатты

Желіде жануардың тұяғына ұқсас етік киіп алған бойжеткеннің видеосы көпшіліктің таңданысын тудырды.

Видеодан нәзік жандының өте ыңғайсыз етікпен әзер келе жатқанын көруге болады. Мұны көргендердің дені "аяқтар тұяққа айналып бара жатыр" деп таңданыстарын жазған.

Кейбірі бұл етікпен жүрген бойжеткенді балеринаға теңесе, енді бірі шайтанға теңеген. Бойжеткеннің мұндай оғаш аяқ киімді қай жерден тауып, киіп алғаны белгісіз. Желі пайдаланушыларының біразы келіншек әдейі етігінің ұшын кесіп алып тастаған деген пікірде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038883-ayaqty-tuyaqqa-aynaldyratyn-etik-kopshi.html