RU

Ғаламторда тағы да жаға жыртысқан қыздардың видеосы жүр

Қазақстандық желі пайдаланушысы қазақ қыздарының жаға жыртысуы жиі көрініске айналғанын айтып, ренішін білдірді. Тұрғын нәзік жандылар күн санап "ұятсыз" болып бара жатқанын байқаған.

Ескертпе! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.

"Олардың ата-анасы, ересек адамдар бар ма", - деп таңданды Facebook пайдаланушысы Bekbolat Smagulov өз парақшасына видеоны жүктей отырып.

Видеода нәзік жандылар бір-бірімен жаға жыртысып, бейәдеп сөздерді жаудырып жатқанын көруге болады. Олардың қасында жүрген өзге қыз балалар жанжалды уақытылы тоқтатудың орнына біраз тамашалап жүрген. Жеткіншектер төбелес әбден қызғанда ғана оларға араша түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1038979-qazaq-qyzdarynynh-zhagha-zhyrtysuy-zhii-ko.html