RU

Қырғызстанда 14 жастағы қыз бала ұлды болды

Қырғызстанда 14 жастағы жеткіншек дүниеге ұл баланы әкелді деп хабарлайды NUR.KZ порталы zanoza.kg сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы Қырғызстанның Нарын облыстық емханасында қызмет ететін бас дәрігер Мұрат Атбаев мәлімдеген.

Оның айтуынша, жаңа туған сәбидің денсаулығы жақсы. Анасы да өзін жақсы сезінеді.

"Біз кесар тілігін жасадық. Нәрестенің салмағы мен бойы қалыпты", - дейді Атамбаев.

Сәбидің әкесі тергеу изоляторына қамалған. Нарын облысының ІІБ басшысы Орозбек Молдосариевтің сөзіне сенсек, милиция 24 жастағы жігітті құрықтаған. Тергеу барысында жас жігіт қызды оған үйленемін деп алдап келгенін жасырмаған. Ол қыз баламен бір-ақ рет жыныстық қатынасқа түскенін алға тартуда.

Дегенмен қыз баланың анасы оның үш рет жыныстық қатынасқа түскенін айтып отыр. Ата-анасы жеткіншектің аяғы ауырлап қалғанын бес ай мерзімінде бір-ақ білген.

"Қыз бала жыныстық қатынасқа өз еркімен түскенін айтып отыр. Дегенмен бұл зорлық деп саналады", - дейді Молдосариев. Тергеу жалғасуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1039095-qyrghyzstanda-14-zhastaghy-qyz-bala-uldy-bo.html