RU

Көшербаев аймақтағы жұмыс орындарын сақтап қалуға уәде берді

Қызылорда облысының әкімдігі мен облыстық кәсіподақ орталығы жергілікті ірі 190 компаниямен меморандумға қол қойды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап Қазақстан жаңалықтары.

"Біз мұнайшыларға бүгінгі жағдайға бейімделіп, қазіргі нарықта сұранысқа ие экономиканың өзге де салаларына қызмет көрсетуге бет бұруды ұсынамыз. Біздің негізгі мақсатымыз – жұмыс орындарының қысқаруына жол бермеу. Қазіргідей қиын кезеңде бәлкім қызметкерлердің жалақысы мен уақыты қысқаруы мүмкін, бірақ жұмыс орындары сақталуы керек", — деп келтіреді баспасөз қызметі аймақ басшысы Қырымбек Көшербаевтың сөзін.

Аймақ экономикасының 65% мұнай саласына тәуелді. Сондықтан жиын барысында әсіресе мұнай компанияларындағы жұмыс орындарын сақтап қалу мәселесі қаралды.

"Облыстағы мұнай компаниялары мен сервистік қызмет көрсету мекемелерінде 29 мыңға жуық адам жұмыс істейді. Орта есеппен бір отбасында 5 адам бар десек, 150 мың сырбойылықтың ахуалы мұнай компанияларының жағдайына тікелей байланысты", — деп атап өтті өңір басшысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1039370-qyrymbek-kosherbaev-munayshylar-zhalaq.html