RU

Оралда жаңа туған сәбиін гараждардың арасына тастап кеткен келіншек жазасын алды

Оралда жаңа туған сәбиін иесіз гараждардың арасына тастап кеткен келіншек жазасын алды. Ол бір жылға бас бостандығынан шектелді.

Қалалық сот нәрестенің өміріне қауіп төндірген ананың ісін қарап, оны кінәлі деп тапқанын Астана арнасы хабарлады.

"Баланың өміріне қатер төнетін қауіпті жағдайда тастап кету бабы бойынша берілетін ең қатаң жаза 2 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Бірақ сотталушы азаматшаның бұдан бөлек кішкентай қызы бар екенін ескеріп, жаңа туған сәбиі кері қайтарылды", - дейді Орал қалалық сотының судьясы Варвара Дмитриенко.

Оқиға былтыр қарашаның 4 күні болған. Иесіз гараждардың арасында шырқырап жатқан шарананы сол жерден өтіп бара жатқан бейтаныс адамдар тауып алады. Қарашаның қара суығында тоңып қалған сәбиге дәрігерлер "өкпесі қабынған" деген диагноз қойды. Кейін білегіндегі перзентхананың белгісі арқылы анасы табылып, қылмыстық іс қозғалды. Айыпталушы өз кінәсін мойындап, соттан кешірім сұрады.

Сол кезде, күйеуіммен қатты ренжісіп қалдым. Бұл туралы анама айтуға ұялдым, оны одан әрі қинағым келмеді. Қазір істеген ісіме өкінемін. Болашақта ұлымның тәрбиесімен өзім айналысамын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1039620-oralda-zhanha-tughan-sabiin-iesiz-garazhd.html