RU

СҚО-да полицей көлік жүргізе алмайтын адамдардың орнына емтиханды өзі тапсырған

Солтүстік Қазақстан облысында полицияның аға лейтенанты көлік жүргізуді білмейтін екі адамның орнына емтиханды өзі тапсырмақ болып, темір тордан бір-ақ шықты деп хабарлайды NUR.KZ порталы liter.kz-ке сілтеме жасап.

Қызылжар аудандық соты аға лейтенант Қайырнас Байқадамовтың ауданның екі тұрғынының орнына теориялық және тәжірибелік емтиханды өзі тапсырғанын анықтаған. Олар тек көлік жүргізу куәліктерін алуы тиіс болған.

Қылмысы әшкере болған тәртіп сақшысы бір жарым жылға ортақ режимдегі колонияда бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленді. Бұдан бөлек ол мемлекеттік және құқықтық органдарда қызмет ету құқығынан өмірінің соңына дейін айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1039723-sqo-da-policey-kolik-zhurgizudi-bilmey.html