RU

Германиялық саяхатшы енді Мысырға өмірбақи бара алмайтын болды (фото)

18 жастағы германиялық саяхатшы Мысырға енді өмірбақи бара алмайды. Бұндай шешімге Мысыр билігі келіп отыр, деп жазады RT агенттігіне сілтеме жасап 24.kz.

Бұған себеп – саяхатшының Гизадағы Хеопс пирамидасының шыңына мініп, суретке түсуі. Мысырдың көне жәдігерлер жөніндегі министрлігі 18 жастағы Германия азаматы Андрей Чисельскиге заңды бұзып, Гизадағы 139 метрлік Хеопс пирамидасының шыңына мінгені үшін осындай шешім қабылдаған, деп жазады The Telegraph газеті.

Заңбұзушының өзі пирамида үстінде түскен суретін осыған тұрарлық деп ойлаған көрінеді. Айта кетейік, бұған дейін ол Нью-Йорк және Гонконгтың зәулім ғимараттарының шатырында да суретке түскен екен.

Белгілі болғандай, 18 жастағы жігіт пирамидаға өрмелеп бара жатқанында астындағы адамдар оған араб тілінде айқайлап, полиция шақырған. Абырой болғанда, Мюнхен тұрғыны жеңіл жазамен құтылып отыр. Себебі Мысыр бұндай әрекет үшін 3 жылға дейін бас бостандығынан айырып, темірторға тоғытады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1039766-germaniyalyq-sayakhatshy-endi-mysyrgha-om.html