RU

Нельсон Манделаның немересі ислам дінін қабылдады

Өткен демалыс күндері Нельсон Менделаның үлкен немерелері бірінің ислам дінін қабылдап, мұсылман бойжеткенмен некеге тұрғаны белгілі болды.

Бұл туралы IslamNews ақпарына сүйенген ras.kz хабарлады.

Бүкіл әлемге аты танымал нәсілшілдікке қарсы күрескердің немересі Мандла Мендела исламға өткен жылы өткен екен. Ал кеше Кейптаундағы «Кенсингтон» мешітінде мұсылман қызы Рабия Кларкпен некесі қиылды. Неке қию рәсімін Оңтүстік Африка шейхі Ибрахим Габриэлс жасады. Мандла Мандела қалыңдығы Рабиямен екі жақты келісім бойынша үйленді. Алдымен мұсылман қануны негізінде қыздың әкесі келісімін берген.

«Мен үшін Нельсон Мандела сияқты біздің ұлы лидеріміздің немересі некесін қию үлкен құрмет болды», – деді ол.

«Біз Рабия екеуміз екі түрлі мәдени және діни ортада өскенімізбен, біздің қосылуымыз оңтүстікафрикалық қауымдастықтың келбетін көрсетеді», – деді Мандела немересінің өзі бұл оқиға туралы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1040064-nelson-mandelanynh-nemeresi-islam-di.html