RU

Toyota компаниясы көлік шығаруды тоқтатты

Жапонияның ең ірі автоконцерні Toyota елдегі 16 зауытта болаттың жетіспеуінен конвейерлерді алты күнге тоқтатты, деп жазады Қазақпарат.

Бірлестіктің бағалауынша, бұл 70-80 мың бірлік көлік шығарылымының қысқартылуына әкеліп соқтырады. Toyota бұл қадамға соның ішінде қозғалтқыштарды жинау кезінде пайдаланылатын болаттың жетіспеушілігіне байланысты баруға мәжбүр болды.

Бұған қаңтарда Айти префектурасындағы жеткізуші зауыттардың бірінде болған жарылыс себеп болып отыр, деп хабарлайды РИА Новости.

Жапонияда компанияның иелігінде автомобильдерді құрастыратын 16 кәсіпорын бар. Күн сайын Жапонияда конвейерден бұл марканың 13-14 мың көлігі шығарылады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1040195-toyota-kompaniyasy-kolik-shygharudy-toqtatty.html