RU

Алматыда оқушыларды қатаң жазалайтын мектеп мұғалімі жұрттың ашуын келтірді

Алматыдағы Алатау ауданына қарасты №151 мектептің оқушылары қазақ тілі мұғалімінің  жазалау әдістеріне әбден үйренген. Жас маман сыныпты ішінен кілттеп, үй тапсырмасын орындамаған оқушыларға түрлі жаза қолданады екен.

Өткен аптада 7 “Г” сыныбының оқушылары мұғалімнің кезекті әрекетін телефонға түсіріп алған деп хабарлайды STAN.KZ сайты.

Оқушылар жағдайды телефонға түсіріп, ата-аналарына көрсетпекші болған. Себебі, олар түрлі жайттарға байланысты кез-келгеніміз осылай жазалануымыз мүмкін деп қорқады.  Ата-аналардың бастамасымен мектеп директоры Асхат Ошақбаевтың алдында жиналыс та ұйымдастырылмақшы болған.

Бұл видеода 7 сыныптың оқушысы үй тапсырмасын орындамағаны үшін жазалануда. Оның бұлай тұруына қарсы сыныптастары аталған жайтты видеоға түсіріп алған. Орындық көтеріп тұрған оқушы аты-жөнін айтып, мұғалімнің үстінен шағымданғысы келмейді. Себебі, жұрттың көзіне жаман қылығымен көрінуді намыс көреді.

"Өркениетті заманда балаларды білімге баулудың өзге жолын ұстанбасақ, осы мұғалімге № 151 мектепте шектеу қоятын кісі болмай тұр", - дейді есімін атамауды өтінген қала тұрғыны.

Есте болса, бір жыл бұрын тура осы мектептің мұғалімдері  бірін-бірі балағаттап, іс әкімшілік сотқа дейін жеткен еді. Соңында әріптесінің намысына тиген ұстазға айыппұл салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1040324-almatyda-oqushylardy-qatanh-zhazalayty.html