RU

Алматылық «түнгі көбелек» оңтүстіктің қыздары тұрмысқа қандай жолмен шығатынын айтып берді

Алматылық бикеш елдің оңтүстік бөлігіндегі қыздардың биязылығы мен қарапайымдылығына күмәнмен қарайды. Тіпті олардың көшеде босанып, балаларын қоқысқа тастап, дым болағандай тұрмысқа шығып жатқанын да айтып берді.

Клеопатра лақап есімімен жүрген жеңіл жүрісті ару «Экспресс-К» басылымына берген сұхбатында осылай айтты деп жазады Корреспондент басылымы.

Клеопатраның айтуынша, ол интимдік қызмет ұсынбайды және басылым тілшісіне өзін «жезөкше» деп атамауды сұраған.  Бар болғаны  өзінің әрекеті арқылы ерекектердің  пихологиялық әрекетін шешуге тырысатынын жеткізген. Тіпті, бикештің психолог мамандығы бойынша арнайы білімі де бар екен.

Ол көбіне Астана мен Қарағандыға жиі сапарлатады. Өйткені, сұраныс көп. Бір қызығы, бикеш елдің оңтүстік бөлігіндегі аруларды  сынға алды.

«Менің бұл сөзімнен кейін оңтүстіктегі қыздардың ашуы келетінін көз алдыма елестетіп отырмын. Бірақ, олардың күйеулері онсыз да тозақта өмір сүреді. Олар таңнан қара кешке дейін үнемі көңілі толмайтын әйелдерінің сөздерін естуге мәжбүр... Тіпті бал айы аяқталмай жатып та еркектер намысына тиетін сөздерді естіп үлгереді. Сенесіз бе, оңтүстіктің қыздары қарапайым, сыпайы, биязы  деген әңгімелер – миф. Олар бала туып, қоқыс контейнерлеріне және жол бойындағы дәретханаларға сәбилерін тастап кетеді. Сөйтіп 40 мың теңгеге қыздығын салдырып, дым болмағандай тұрмысқа шығады», - дейді жеңіл жүрісті ару.

Айтуынша, солтүстікте адамдары мүлдем басқаша. Көнбіс келеді. Сол себептен де ондағы еркектерден Клеопатраға көптеп сұраныс түседі екен.

Татьяна Аладьинаның материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1040381-almatylyq-tungi-kobelek-onhtustikt.html