RU

Қарағанды облысында ауруханада жатқан науқастар төбелесіп қалды

Қарағанды облысындағы Сәтбаев қаласында орналасқан ауруханалардың бірінде екі науқас төбелесіп, бірі екіншісін пышақтап тастады.

Бұл туралы облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.

Оқыс оқиға туберкулезге қарсы ауруханада болды. Дене жарақатын алған науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен соң, дәрігерлер зардап шеккен азаматтың денсаулығына төнген қауіптің жоқтығын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта осы оқиға бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1040755-qaraghandy-oblysynda-aurukhanada-zhatq.html