RU

Кеңес киносының жұлдызы туған ұлының қолынан қаза тапты

Кеңес киносының жұлдызы, миллиондаған көрерменге Қазақстаннан шыққан жазушы Анатолий Ивановтың «Көлеңке тал түсте жоғалады» атты романы бойынша түсірілген сериал арқылы танылған актриса Александра Завьялова өзінің 40 жастағы туған ұлы Петр Завьяловтың қолынан қаза тапты.

Бұл туралы «Интерфакстің» дерегі бойынша ras.kz хабарлады.

Қазіргі таңда күдікті қамалып, қылмыстық іс қозғалған. Тергеуді тергеу комитетінің Санкт-Петербург бойынша бас басқармасы жүргізіп жатыр.

Қылмыс ақпанның 3-іне қараған түні олар тұрған Гавр көшесі 6-үйдегі пәтерде жасалған. Тергеудің мәліметі бойынша, сол күні түнде Петр мас жағдайда жүреді. Ол өзінің 79-дағы анасына пышақ салып алады. Осыдан алған жарақаттан әйел сол жерде қайтыс болады. Актрисаның 80-ге толуына екі күн ғана қалған екен.

LifeNews басылымының мәліметі бойынша, Петр Завьялов жиі арақ ішіп жүретін болған. Бұған дейін де анасын бірнеше рет ұрған көрінеді. Көршілерінің айтуларынша, олар кедей тұрыпты, осыған байланысты ұрысып қалулары жиі кездескен.

Александра Завьялова А. Н. Островский атындағы Ленинграад театр институтын бітірген. Ол кеңестік және ресейлік 13 фильмде басты рөлдерде ойнаған. Олардың арасында «Алёшканың махаббаты», «Гиппократ анты», «Көпірдегі адамдар», «Хат күтіңіздер», «Нан мен роза», «Күнделікті өмір мен мерекелер» бар. Ал актрисаға кең ауқымды танымалылық пен даңқ әкелген, әлбетте, «Көлеңке тал түсте жоғалады» фильміндегі Пистимен Морозованың рөлі болды. Осы картинадан кейін актриса 20 жылдан астам уақыт ешқандай лентаға түскен жоқ. Завьялова Ресейдің халық әртісі атағын 1994 жылы алды.

Актрисаның жақсы білушілер оның соңғы жылдары ұлымен қарым-қатынасының нашар болғанын айтады. Оның жеке өмірі де драматизмге толы болды. Александра Завьялова 1963 жылы суретші Дмитрий Бучкинге күйеуге шығады. Бұл некеден Татьяна есімді қыз туады. Алайда, ерлі-зайыптылар бірге ұзақ тұра алмайды.

Завьялова 60-жылдардың ортасында АҚШ-та тұратын 50 жастағы бизнесмен Отелло Черезоллимен танысады. Екеуінің арасында махаббат ұшқыны туындайды. Бірақ көп ұзамай бизнесмен тыңшы деп танылып, 24 сағаттың ішінде КСРО-дан шығарылады. Осы оқиғадан кейін Завьялова күйеуімен ажырасуға арыз береді. Бұдан соң оны киноға шақыру да сап тыйылады. КГБ актрисаны «сенімсіз адам» ретінде ұдайы өзінің бақылауында ұстайды.

Дегенмен, актрисаның нағыз жұлдызды шағы әлі алда еді. Ол 1971 жылы экранға шыққан «Көлеңке тал түсте жоғалады» фильміндегі ең күрделі рөлді орындады. Бұл оның шын мәнінде кинодағы ең соңғы рөлі болды. Осыдан кейінгі жиырма жылдан астам уақыт Завьялова үшін кинематограф жабық болды. Онда осы кезде депрессия басталды. Завьялова психиатерапиялық клиникаға жіберілді, оның балалармен қарым-қатынас жасауына тыйым салынды. Ал некесіз туылған кішкентай Петрді балалар үйіне өткізді. Бірнеше жылдан кейін актриса баласымен бірге тұруға қол жеткізді.

Соңғы жылдары актриса Петербургте бір өзі тұрып келді. Ол іс жүзінде ешкіммен қатысқан жоқ. Соңғы кездері аналы-балалы екеудің арасындағы ұрыс-керіс жиілеп кеткен.

Петр қазір анасын не үшін өлтіргенін есіне түсіре алмай отырған көрінеді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041016-kenhes-kinosynynh-zhuldyzy-tughan-ulynynh.html