RU

Алматыда МС Сайлаубектің киім-кешек дүкенінің ашылуына ешкім келмеді (фото)

МС Сайлаубектің батыс жұлдыздарына еліктеп, музыкамен ғана шектелмей, сән саласына білек сыбана кіріскенінен түк шықпады. Рэпердің жақында ғана ашылған жеке дизайндағы киім-кешек дүкеніне бір жан аттап баспады.

МС Сайлаубектің продюсерлері рэпердің жанкүйерлері киімдерді талап алып, дүкенде ине шаншар жер болмайды деп күткен еді. Алайда олардың бұл бастамасына Алматы жұртшылығы қызығушылық еш танытқан жоқ.

Жанкүйерлерінен мұндайды күтпеген МС Сайлаубек жобасының сәтсіз аяқталғанына өзі сенбей, болған жағдайға қатысты ойын да айтпады. Рэпер үн-түнсіз дүкеннен шығып кетуге асықты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041060-almatyda-ms-saylaubektinh-kiim-keshek-d.html