RU

Жас актер Асылхан Төлепов депутаттыққа үміткер атанды

Көрерменге "Жаужүрек мың бала" фильмінен жақсы таныс жас актер Асылхан Төлепов Алматы қалалық маслихатының депутаттығына үміткер атанды. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің ресми сайтында жарияланған.

23 жасында қалың қазақ көрерменіне «Жаужүрек мың бала» фильмі арқылы танылып үлгерген Асылхан Төлепов енді өз мүмкіндігін саясатта да сынап көрмек, деп жазады bnews.kz.

Бір қызығы, актер Алматының кейінгі жылдары құрылған Наурызбай ауданынан саяси додаға түскелі отырған жалғыз үміткер. Тізімде белгілі журналисттер Қали Сәрсенбай мен Бигелді Ғабдуллин де бар.

Жалпы Алматы қаласы бойынша маслихат депутаттығына 95 кандидат өтініш білдірген болатын. «Нұр Отан» партиясының Алматы қалалық филиалының XVIII кезектен тыс конференциясында 37 үміткердің кандидатурасы бекітілді.

Жас актер мен белгілі журналистерден басқа тізімде кәсіпкерлер, дәрігерлер, шенеуніктер мен қоғам қайраткерлері бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041173-zhas-akter-asylkhan-tolepov-deputattyq.html