Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда сақал өсіргісі келетіндер күдікті жақпа майды жаппай сатып алуда

Опубликовано:

Қазақстанда қалың сақал өсіргісі келетіндердің саны күн санап артуда. Олар мұндай сән үшін күдікті жақпамайды жаппай сатып алудан тайынбауда деп хабарлайды NUR.KZ порталы "Экспресс К" басылымына сілтеме жасап.

Сатушылар бұл жақпамай судыраған сұйық сақалды сапситып, қалыңдатады деп сендіруде. Сақал қалың болғаны соншалық, онымен пышақ соққыларынан қорғануға, бойжеткендердің келісімін бірден алуға мүмкіндік туады дейді олар.

Әлеуметтік желілерде бұл "ғажайып" жақпа майды Абу-Хурайра деген белгісіз біреу саудалап жүр екен. "Сақалдың күшін сезін" деп ұрандатқан ол бір шөлмегі 30 мың теңге тұратын миноксидилді сатып жүрген көрінеді.

Қазақстандық интернет-дүкендерде аталған дәрі, тіпті сауда хитіне айналып үлгерген. Дәріні АҚШ-та 1973 жылы мақұлдаған екен. Ол расымен де шаштың өсуіне септік болатыны анықталған. Алайда оның бір тамшысы мысықты өлтіруі мүмкін екені талайды шошытқан.

Ал отандық дәрігерлер ең қауіпсіз сақал өсіретін дәрі Шымкентте шығарылатын қабықты бұрыш тұнбасы екенін алға тартты.

Алан Исаевтың материалынан аударылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1041215-qazaqstanda-saqal-osirgisi-keletind/

pixel