RU

Атыраулық байлардың қымбат коттедждермен мақтанатыны рас па? (фото)

Атыраулық байлар бірнеше қабатты коттедждерімен мақтана алады. Қалада зәулім қонақ үйлер көп. Қазақстанда жүрген әрбір екінші шетелдікті мұнайлы астанадан табуға болады.

Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Облыс халқының саны 593 мыңнан асқан мұнайлы астана қазақстандық байлардың мекені екені рас па? Өңірде халықтың әл ауқаты қалай?

Шағын қаланы аралап шыққан адамның көзіне әр көше сайын бірнеше қонақ үй кезігеді. Жаңа үлгіде қызмет көрсететін олардың бағасы да арзан емес. Сонымен қатар, қалада коттедждердің көптігі де көзге ұрып тұр.

Қазақстандағы мұнайдың 40 пайызы Атырау қаласында өндіріледі екен. Шетелдік инвестициялар ең алғаш келген бірінші аймақ. Атырау шетелдіктердің санының көптігімен ерекшеленеді. Қазақстанда жұмыс істейтінәр екінші экспат осы облыста тұрады немесе жұмыс істейді. Қазір облыста сегіз мыңның үстінде шетелдік азамат бар. Бірақ, бұл сан жұмыс көлеміне байланысты көбейіп, азайып тұрады.

Атырау Жайық өзенімен ерекшеледі. Өзеннің бір беті Азия құрлығында болса, екінші жағасы Европада. Жайық өзенінің үстінде жаяу адамдарға арналған әлемдегі ең ұзын жаяу көпір бар. Бірақ, көшелері тар.

Атырауда халықтың жағдайы жаман деуге келмейді. Орташа жалақы көрсеткіші 220 мың теңге көлемінде.

Мұнай саласында жұмыс жасайтын халықтың 10 пайызы ғана жергілікті тұрғындар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041258-atyraulyq-baylardynh-qymbat-kottedzhd.html