RU

Кран жалдап, сүйіктісіне терезеден ұсыныс жасаған қазақ жігіті көпшілікті таң қалдырды

Әлеуметтік желілерде сүйіктісіне ерекше ұсыныс жасаған қазақ жігітінің кезекті видеосы тарап жүр. Бұл жолы жігіт ғашығына от шашу мен лазерлі шоу ұйымдастырған.

Видеода Ернар есімді азамат арнайы кран жалдап, сүйіктісі Меруертке терезеден ұсыныс жасағанын көруге болады.

"Меруерт, мен сені жақсы көремін. Менің болашақ жарым боласың ба" деген жігіттің сұрағына бойжеткен "иә" деген жауап қайтарады. Видеоны көрген нәзік жандылар қазіргі кезде мұндай романтикалық жігіттер азайып бара жатқанын жарыса жазған.

Олар қызды қой секілді тиеп әкеткеннен, осылай жүрегін жаулағаны әлдеқайда құрметке лайық екенін алға тартқан. Дегемен, жігіттің бұл әрекетін әйелжандылыққа теңеген кей азаматтар бұлай ұсыныс жасауды артық санайтындарын жасырмаған.

Еске салсақ, бұған дейін Астанадағы Бейбітшілік және Келісім сарайында өткен әнші Айқын Төлепбергеновтің концертінде бейтаныс жігіттің сүйіктісіне сөз салғаны және жезказғандықтың жігіттің бойжеткенге Париждегі Эйфель мұнарасында ұсыныс жасағаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041345-kran-zhaldap-suyiktisine-terezeden-us.html