RU

Қазақстандағы ең қарт тұрғын 120 жасқа толды (фото)

Еліміздегі ең қарт кейуана Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Төле би ауданында тұрады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ол – 120 жастағы Фатима Хайранова. Қарт әжей Төле би ауданы, Көксәйек кеңшарында көп жылдар бойы қарапайым жұмысшы болып істеген.

Сол мекенде зейнеткерлік жасқа шыққан. Үш ғасырдың куәсі бүгінде 15 немере, 33 шөбере, 30 шөпшек пен 3 немене сүйіп отыр. Ақпарат ретінде айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында 84 тұрғынның жасы 100-ден асқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041409-qazaqstandaghy-enh-qart-turghyn-120-zhasqa-t.html