RU

Канада тұрғыны қазақ әндері мен "жұлдыздарынан" алған әсерімен бөлісті

Қазақ жұлдыздарының жанкүйеріне айналған Канада тұрғыны желіде қазақ бейнебаяндарын тамашалап, одан алған әсерлерімен бөлісті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Aми есімді канадалық бойжеткен қазақ әндеріне әуестенгені сонша, оларға арнайы YouTube парақшасын ашқан екен. Ами Әли Оқапов, "Орда" тобы, Кәмшат Жолдыбаева, "Ринго" тобы, "Алау", Жанар Дұғалова және өзге де отандық әншілердің бейнебаяндарын тамашалап, оған баға берген.

Лашын тобының "Бағаламадың" бейнебаянына берген бағасы:

"Махаббат оқиғасы, қыздың дауысы керемет. Қазақ фильмдерін көруді бастауым керек сияқты, жігіттерін де, қыздарын да сүйемін, клиптегі жігіт сондай сүйкімді, менің ең сүйікті әртістерімнің біріне айналды. Мына фильмді расымен қатты көргім келеді, қалай аталады екен, өте қызықты көрінді, Машалла, қатты ұнатып қалдым", - дейді Ами.

Әли Оқаповтың "Биле" бейнебаянына берген бағасы:

"Дауысы керемет, сүйкімді, оның күлкісі, биі керемет, сүйемін оны, биле дейді, ол расымен сүйкімді, күлкісін-ай", - деп қол шапалақтап тамсанды Ами.

Алау тобының Welcome to Kazakhstan бейнебаянына берген бағасы:

"Ол өте әдемі, қыздары да әдемі, барғым келеді Қазақстанға", - дейді Ами қазақ тілінде "қарсы алады" деген сөзді қайталай алмай.

Кешью тобының "Қуыршақтар" бейнебаянына берген бағасы:

"Қыш ю ма", "Кеш ю" ма, негізінен қыздардың тобын көп ұната бермеймін, ұнатпасам мені өлтірмеңдер, әдемі екен, бірақ түрлерін есте сақтай алмай отырмын, көңілді көтеретін видео, дауыстары жаман емес", - дейді Ами.

Жанар Дұғалованың "Айта берсін" бейнебаянына берген бағасы:

"Майкл Джексонды есіме салады, маған бұл орындаушы ұнады, ал бейнебаянда рөлдердің бірін сомдап жүрген бойжеткен екен, мен оны соңына дейін жігіт деп ойладым. Мен қатты таңданып отырмын, мен сені жақсы көремін, өте сұлусың, билей де, өлең айта да аласың", - деп Жанарға деген сезімін Ами осылайша жеткізді.

Орда тобының "Ғашықсың ба" бейнебаянына берген бағасы:

"Клиптегі жігіттің күлгені әдемі екен, ал орындаушылары "секси" екен, дегенмен неге әлгі күлкісі әдемі жігітті көбірек көрсетпеген", - деп сұрақ қойды ол.

Димаш Құдайбергеннің Витебсктегі орындаған әніне берген бағасы:

Димаш Құдайбергеннің Витебсктегі орындаған әнін тыңдап "бір секундта ер кісі сияқты, ал келесі секундында әйел секілді айтады екен, құдай-ау, ол бұны қалай істейді, ол нағыз талант екен", - деп таңданды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041648-qazaq-zhuldyzdarynynh-zhankuyerine-ayn.html