RU

Есентаеваның шәкірттері шырқайтын ән ұрланған болып шықты (видео)

Баян Есентаеваның шәкірттері "Алау" тобының жақында ғана жарық көрген "Гүл әпше" әні ұрланған болып шықты.

Баян Есентаеваның продюсерлік орталығынан түлеп ұшқан «Алау» тобы "Гүл әпше" бейнебаянын ұсына салысымен бастары дауға қалды, деп хабарлады baistars.kz.

Көпшілік әннің мағынасыздығы мен тойға арналғандығын алға тартты. Алайда бұл сын әннің плагиат болып шыққандығы жанында түк емес болып қалды.

Тұңғыш болып бұл әнді 30-шы жылдары Мария Лэтэрэцу сахнаға шығарған.

Бір ғасырлық тарихы бар әнді әлемнің түкпір-түкпірінен көптеген әншілер орындаған. Соның ішінде Эдит Пиаф та өз репертуарына қосқан.

Көптеген нұсқалардың ішінде қазақстандық топтың орындауына румындық «Ро-мания» тобының нұсқасы қатты ұқсайды. Бұл әнді олар 15 жыл бұрын айтқан.

«Алау» тобының орындауында «Гүл әпше» деп аталған әнге бейнебаян Шымкентте түсірілген және шымкенттік сұлуларға арналыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041840-esentaevanynh-shakirtteri-shyrqaytyn.html