RU

Елімізде бұрынғы соғыс тұтқындары жайлы мәлімет беретін портал ашылды

Қазақстан ішкі істер министрлігі совет кезеңіндегі саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған "Мемориал" веб-порталын ашты деп хабарлайды Азаттық.

Ішкі істер министрінің орынбасары Марат Демеуовтің веб-порталды таныстыру кезінде айтуынша, 1930-1953 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған порталға 109 мыңнан астам адам туралы, олардың ақталуына қатысты мәліметтер енгізілген. Демеуовтің сөзіне қарағанда, 2016 жылы портал бұрынғы соғыс тұтқындарының мәліметтер базасымен толығады.

Порталға ішкі істер министрлігінің арнайы мемлекеттік мұрағатында сақталған қуғын-сүргінге ұшырағандардың қылмыстық істері, ақталып шыққанына қатысты құжаттар мен деректер енгізілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1041907-elimizde-sayasi-qughyn-surgin-qurbanda.html