RU

"Асыл" тобының әншісі жүкті екенін қуана хабарлады (фото)

Жазда тұрмыс құрған "Асыл" тобының әншісі Ғалия Мұратова биыл ана атанбақ. Әнші әлеуметтік желіде жанкүйерлеріне жүкті екенін қуана хабарлады.

Естеріңізге сала кетсек, Ғалия Мұратова өткен жылдың жазында музыкант Ален Самыкеновке тұрмысқа шыққан болатын. Қазір әнші жүктіліктің алтыншы айында. Әртістің айтуынша, жұлдызды отбасының тұңғышы осы жылдың маусым айында дүние есігін ашпақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042425-asyl-tobynynh-anshisi-zhukti-ekenin-quan.html