RU

Желіде көз жұмған астаналық студенттің мәйіті болуы мүмкін фото таралды (фото, +18)

Әлеуметтік желі пайдаланушылары Астанада қайтыс болған студенттің мәйіті болуы мүмкін фотоны таратуда. Ондағы жігіттің аяқ-қолы байланып, денесі қарға көмілген деп хабарлайды NUR.KZ порталы YK-news.kz-ке сілтеме жасап.

Тұрғындардың сөзіне сенсек, бұл фото студенттің мәйіті табылған сәтте түсірілген. Жігіттің денесі қарға көміліп, аяқ-қолы арқанмен байланғанын байқауға болады. Ал басына пакет кигізілген.

Астана қаласының ІІД баспасөз қызметі әзірге бұл фотоға қатысты ресми түсініктеме берген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада полицейлер жоғалып кеткен медициналық университет студентінің мәйітін тапқаны туралы хабарланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042611-zhelide-koz-zhumghan-astanalyq-studentt.html