RU

Жүргізуші эфирде іздеу жариялап тұрған қылмыскерден айнымайтын болып шықты

BBC телеарнасындағы елде жасалған қылмыстарға шолу жасайтын Crimewatch бағдарламасында болған оқиғаны көрермендер көпке дейін ұмытпас.

Мұнда тікелей эфирде тұрып, Виктор Лакатос атты қылмыскерге іздеу жарияланғаны туралы хабарлаған Джейсон Мухаммад атты тележүргізуші бір сәтте танымал болып кетті деп хабарлайды 24 арна.

Сөйтсе, зейнеткер әйелге шабуылдаған қаскүнем туралы баяндап тұрған оның түрі сол Виктор Лакатосқа қатты ұқсайды екен. Мұны көрермендер Виктордың үлкейтілген суреті экранға шыққан кезде бірден байқады.

Олар тіпті бұл туралы бірден ғаламторға жазып, «сол сәтте тележүргізуші мен суреттегі қылмыскердің бір адам секілді болып көрінгендігін» айтып шуласты.

Айта кету керек, қылмыскердің тек суретте емес, өмірде де қандай болуы мүмкін екендігін Джейсонның арқасында көрсетіп қалған хабардан кейін Виктор Лакатос бірден ұсталып, 1,5 жылға қамалды, деп хабарлайды Yahoo! Celebrity.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1042718-zhurgizushi-efirde-izdeu-zhariyalap-turgh.html